КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қызылорда қаласы, Ғ.Мұхамеджанов №10 мекен-жайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің  «№290 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  2024-2025 оқу жылына конкурстық негізінде тізімде көрсетілген бос орындарға конкурс жариялайды.

 

1.     Информатика пәні мұғалімі – 2 орын (2 жүктеме)

2.     Дене шынықтыру пәні мұғалімі – 1 орын (1 жүктеме)

3.     Көркем еңбек пәні мұғалімі – 3 орын (2 жүктеме - 2 (ер адам),

     1 жүктеме -1 (әйел адам)

4.     Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 2 орын (2 жүктеме)

5.     Тарих пәні мұғалімі – 2 орын (2 жүктеме)

6.     Математика пәні мұғалімі – 2 орын (2 жүктеме)

7.     Орыс тілі пәні мұғалімі – 1 орын (1 жүктеме)

8.     Физика пәні мұғалімі – 2 орын (2 жүктеме)

9.     Химия пәні мұғалімі – 1 орын (1 жүктеме)

10.                       Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 1 орын (1 жүктеме)

11.                       Тәлімгер лауазымы – 1 орын

12.                       Мектепалды даярлық – 1 орын (1 жүктеме)

13.                       Бастауыш пәні мұғалімі – 1 орын (1жүктеме)

14.                       Педагог-ұйымдастырушы – 1 орын

15.                       Педагог-дефектолог лауазымына – 1 орын

16.                       Педагог-логопед лауазымына – 1 орын

17.                       Музыка жетекшісі – 1 орын

18.                       Хореограф – 1 орын

19.                       Көркемдік жетекші – 1 орын

20.                       Педагог-ассистент-1 орын

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы  21 ақпандағы №57 бұйрығының (ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 №259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 №343 бірлескен бұйрығымен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Педагогика бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

 Лауазымдық міндеттері:

* Білім беру ұйымы білім алушыларының қызығушылықтарын анықтау, қалыптастыру және дамыту бойынша олармен жеке жұмыс процесін ұйымдастырады. Білім алушылардың қызығушылықтарын, басқа қызығушылықтармен, оқыту пәндерімен, тәрбие, сабақтан тыс жұмыстың бағыттарымен синтездейді.

* Басқа мамандармен бірлесіп, білім алушылардың жеке білім беру бағдарламаларын әзірлейді, сүйемелдеуді және түзетуді жүзеге асырады, білім алушылардың бастапқы мүмкіндіктерін, ресурстарын және дефициттерін бағалауды ұйымдастырады.

* Білім алушылардың жеке білім беру бағдарламаларын іске асыру тиімділігін бақылайды және бағалайды.

* Баланың мүмкіндіктері мен әлеуетін ескере отырып, оны дамыту үшін жағдайлар ұйымдастырады, білім алушылардың табысты оқуы және әлеуметтік бейімделуі үшін білім беру кеңістігін кеңейтеді.

* Ата-аналармен және/немесе өзге де заңды өкілдермен және басқа мамандармен бірлесіп, жеке білім беру бағдарламаларын құру және іске асыру үшін, білім алушыларды дамыту және әлеуметтік бейімдеу үшін білім беру ресурстарын іздеуді жүзеге асырады.

* Білім алушылардың қызығушылықтарын анықтау, қалыптастыру және дамыту, білім алушылардың жеке білім беру бағдарламаларын құру,

* түзету бойынша ата-аналармен және/немесе өзге де заңды өкілдермен өзара іс- қимыл жасасуды ұйымдастырады, олардың іске асыру барысы мен нәтижелерін олармен талқылайды.

* Білім алушылармен (білім алушылар тобымен) әртүрлі коммуникация технологиялары мен тәсілдерін пайдаланып, қызметті сапалы іске асыру үшін электрондық формаларды (интернет-технологияларды) қосып, білім алушылардың жеке білім беру қозғалысы, қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту және іске асыру мәселелері бойынша ата-аналар және/немесе өзге де заңды өкілдер үшін жеке және топтық консультациялар ұйымдастырады.

* Білім беру ортасының барлық субъектілері (жеке оқушылармен және топпен, ата-аналармен және/немесе өзге де заңды өкілдермен, мұғалімдермен, мамандармен, басшылықпен) арасында педагогикалық өзара іс-қимыл жасасудың әртүрлі тәсілдерін іске асырады.

* Жеке білім беру бағдарламасын іске асыру және коррекциялау үшін білім алушының мұғалімдермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастырады, оның шығармашылық әлеуетін түрлендіруге және қызығушылықтарын ескере отырып, сабақтан тыс әрекетке қатысуға көмектеседі.

* Кәсіби дайындық бойынша білім алушыларды білім беру кеңістігінде дербес сүйемелдеуді ұйымдастырады, білім алушылардың кәсіби сынақтардан өтуін іске асыру үшін серіктестер іздеуге және тартуға ықпал етеді.

* Жеке білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде білім алушылардың даму динамикасына мониторинг жүргізеді.

* Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, әдістемелік жұмыстың басқа да түрлеріне, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелік және білім беру ұйымының білім беру бағдарламасында көзделген басқа да іс- шараларды дайындауға және өткізуге, білім алушылардың ата-аналарына және/немесе өзге де заңды өкілдеріне әдістемелік және консультативтік көмек ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

* Білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

* Еңбекті қорғау, санитарлық және өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындайды.

* Тиісті құжаттаманы жүргізеді. Тұлғаның және оның шағын ортасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін, өмір салтын зерделейді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, проблемаларын, қақтығыстық жағдайларын, мінез- құлқындағы ауытқушылықтарды анықтайды және оларға уақтылы көмек пен қолдау көрсетеді.

* Коррекциялық-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, формаларын, әдістерін, ЕБҚ бар баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар

* тұлғасының құқықтары мен бостандықтарын қорғау және іске асыруға көмектесу бойынша шаралар қабылдайды;

* Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар мен білім беру ұйымы, отбасы, орта, әртүрлі дәрігерлік-әлеуметтік қызметтер мамандары, ведомстволар және әкімшілік органдар арасында делдал болды;

* Әр сатыда педагог-ассистент баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін бақылайды және ол туралы ата-аналарға және барлық білім беру процесіне қатысушыларға хабарлайды, қажет болған жағдайда, балаға мамандардан консультация алуды ұйымдастырады, ерекше білім беру қажеттіліктері бар баламен айналысатын басқа ұйымдардың мамандарымен ынтымақтастық орнатады.

Білуге тиіс:

* Қазақстан Республикасының Конституциясын;

* Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

* Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарын;

* білім беру бағыттары мен даму перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;

* жалпы теориялық пәндердің негіздерін педагогикалық, әдістемелік, ұйымдастырушылық-басқару міндеттерін шешу үшін қажетті көлемде; жалпы және коррекциялық педагогика, балалар, ересектер, әлеуметтік, арнайы психология негіздерін; қарым-қатынастар психологиясын, балалар мен жасөспірімдердің жеке және жас ерекшеліктерін, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын; инклюзивті білім беру негіздерін; педагогикалық этиканы; тәрбие жұмысының, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін; әртүрлі жастағы білім алушылармен және олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен, жұмыс бойынша әріптестермен байланыс орнату, өз ұстанымына сендіру, дәлелдеу әдістерін; қақтығыс жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу технологияларын; экология, экономика, құқық, әлеуметтану негіздерін; әкімшілік, еңбек заңнамасын;

* мәтіндік редакторлармен, электрондық кестелермен, электрондық поштамен және браузерлермен, мультимедиялық жабдықпен жұмыс істеу негіздерін білу.

   Лауазымдық жалақысы еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8)наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 

Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан бастап 7 (жеті) күн ішінде (2024 жылғы 12 желтоқсан сағ. 17.00-ге дейін) Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№290 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

Конкурс Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің  «№290 орта  мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің  «№290 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Тел. 8(775)-533-43-83, 290_mektep@mail.ru

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына

15-қосымша

Нысан

 

Конкурс жариялаған мемлекеттік орган


(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН


(лауазымы, жұмыс орны)


 

Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны

Өтініш

Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын (қажетінің астын сызыңыз)


білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл) Қазіргі уақытта жұмыс істеймін


Білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл) Өзім туралы келесіні хабарлаймын:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін

Оқу орнының атауы

Оқыту кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 

 

 

Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):


Педагогикалық жұмыс өтілі:                                                                 

Келесі жұмыс нәтижелері бар:


 

Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату Қағидаларына

16-қосымша

Нысан

Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы

                                                                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл сандары

(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіби = 1 балл Жоғары күндізгі = 2 балл Жоғары күндізгі үздік= 3 балл Магистр = 5 балл

2.

Ғылыми/академиялық дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл Ғылыми доктор = 10 балл Ғылыми кандидат = 10 балл

3.

Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау

Сертификат

"Педагог" біліктілік санаты - 5 балл

4.

Біліктілік санаты

Жеке куәлік, басқа құжат

Екінші санат = 1 балл Бірінші санат = 2 балл Жоғары санат = 3 балл Педагог-модератор = 3 балл Педагог-сарапшы = 5 балл Педагог-зерттеуші = 7 балл Педагог-шебер = 10 балл

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл

Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл

директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл

6.

Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін

Білімі туралы дипломның қосымшасы

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

7.

Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша)

немесе оқу орнынан

Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу

орны бойынша ұйымға/оқу

Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл

Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл


 

ұсыныс хат

мекемесіне өтініш жасайды)

 

8.

Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

-  дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;

-  дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;

-  мемлекеттік награда

олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары

= 0,5 балл

ғылыми жобалардың = 1 балл

олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл

"Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл "Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл

"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

9.

Әдістемелік қызметі

-авторлық шығармалары, басылымдары

ҚР ОАМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы

= 5 балл

РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл БССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми- зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

10.

Қоғамдық- педагогикалық қызметі

Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

тәлімгер = 0,5 балл

ӘБ басшылығы = 2 балл

Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл, үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

11.

Курсқа дайындық

- пәндік дайындық

ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары

 

 

сертификаттары;

= 0,5 балл

 

 

- цифрлық сауаттылық,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

 

 

КАЗТЕСТ,

министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы 95

 

 

IELTS;

бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті

 

 

TOEFL;

арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру

 

 

DELF сертификаттары;

саласындағы уәкілетті органмен келісілген

 

 

Goethe Zertifikat, "Python

бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру

 

 

тілінде бағдарламалау

курстары (Нормативтік құқықтық актілерді

 

 

негіздері" бағдарламалары

мемлекеттік тіркеу тізілімінде 30068 болып

 

 

бойынша оқыту, "Microsoft"

тіркелген)

 

 

Курсера жұмыстарына оқыту

= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

 

 

Халықаралық курстар:

 

 

 

TEFL Cambridge

 

 

 

"CELTA

 

 

 

(Certificate in Teaching English

 

 

 

to Speakers of Other

 

 

 

Languages)"

 

 

 

CELT-P (Certificate in English

 

 

 

Language Teaching Primary)

 


 

 

DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)

CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)

""TKT

Teaching Knowledge Test" Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)

Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL) "TESOL"

Certificate in teaching English for young learners International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC) IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development

Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching Online Teaching for Educators: Development and Delivery Educational Management

Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers

Курсы на платформе Coursera, Futute learn

Teaching Mathematics with Technology

Special Educational Needs "Developing expertise in teaching chemistry "

 

12.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік

бағдарламаларының

Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты

3 балл қосылады


 

қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

 

 

Барлығы: